Шақыртуға барған полицей бірнеше пышақ жарақатын алды

Экспресс К

Pxhere

Шу ауданында полиция қызметкері аудандық ауруханаға жатқызылды, оның денсаулығына қауіп жоқ, деп хабарлайды ЭК.

2021 жылдың 8 маусымында түнгі сағат 22:50 шамасында Шу аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторының ұялы телефонына Шу қаласының 37 жастағы тұрғыны хабарласқан. Ол өзінің азаматтық некедегі күйеуі отбасылық жанжал шығарып жатқандығы туралы айтқан.

Шақырту бойынша келген учаскелік полиция инспекторына 27 жастағы жанжал шығарушы бірнеше рет пышақ жарақатын келтіріп, оқиға орнынан бой тасалаған.

Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов Facebook парақшасында жазған.

"Аталған дерек бойынша "Сирена-1", "Тосқауыл" жоспарлары жарияланып, іздеу жұмыстарына Полиция департаменті және Шу, Қордай, Мойынқұм, Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамы жұмылдырылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ізін суытпай Шу ауданының Алға ауылынан ұсталды, оның жеңіл дәрежедегі масаң күйде екендігі анықталды. Ол Шу аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды",- деп жазды ол.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-1-бабы 1-бөлігімен (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіләп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров