«Ниггер!» деп айғайлады. Қара нәсілдіге соқтыққан жігіттің видеосы тарады

Экспресс К

Бейнеден кадр

Алматыда автобус жолаушысының қылығы әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды.

Оның видеосын Искандер Махиянов деген азамат жариялады, деп хабарлайды ЭК.

"Бүгін Алматыдағы 118-ші автобуста отырып, жиеіркенішті жағдайдың куәсі болдым. Абайдың бойындағы аялдамадан бір түсі қара шетелдік жігіт кірді. Ол менен екі метрдей кейін отырған. Сәлден кейін шетелдік автобустың жүргізушісіне жүгіріп келді. Оның артынан түрі азиялық жігіт қисалаңдап жетті. Ауы ағытылып, көзі одырайып кеткен. Ол "Ниггер!" деп айғайлады. Қара жігіт жүргізушіден көмек болмаған соң менің қарсыма отырды. Ал анау оған қарсы отырып, сілекейі шұбырып, ағылшынша сөйлегісі келіп міңгірледі", — деп жазған И.Махиянов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров