Қызылордадағы түзеу мекемесіне «Ashyq» қосымшасы енгізілді

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Сыр өңіріндегі түзеу мекемелерінде «Ashyq» қосымшасы енгізіліп жатыр.

Бұл жоба алғаш рет Қызылорда қаласындағы 169/1 тергеу изоляторында қолға алынды. Сотқа дейінгі тергеу мекемесінде 200-ге жуық адам қамауда отыр, деп хабарлайды ЭК.

Сотталушылар мен айыпталушылар және мекеме қызметкерлері түгел коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Дегенмен, індеттің алдын алу мақсатында мекеме басшылығы эпидемиологиялық ахуалға қатысты барлық дерек көзі бар "Ashyq" қосымшасын іске қосып отыр.

Жалпы Қызылорда облысындағы қылмыстық атқару мекемелерінде 1000-нан астам жазасын өтеуші бар. Сотталғандарға сәуір айынан бастап вакцина салынды. Енді өңірдегі барлық түзеу мекемелерінде жаза басқан жандардың денсаулығын бақылайтын арнайы қосымшаны іске қосу жүзеге асырылуда. Айта кетейік, жыл басынан бері Сыр өңірінде 3280 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бүгінде 228 науқас ем қабылдап жатыр. Қазір Қызылорда облысы "жасыл" аймақтар қатырында.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров