Картоптың бағасын өсірген кім? – министр жауабы

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында елімізде картоп бағасының қымбаттау себебін айтты, деп хабарлайды ЭК.

Ол картоптың бағасы осылай өсе беретін болса, өндірушілер картопты өз құнына да сата алмай қалуы мүмкін екенін ескертті.

"Бүгінде елімізде картоп жеткілікті көлемде өсіріледі. Тіпті, ертең ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер картоп өнімдерін өз құнына сата да алмай қалуы мүмкін. Мұндай жайт өткен жылы болған еді. Сондықтан картопты шамадан тыс өсірмеуге кеңес берер едім", — деді министр.

Сондай-ақ, ол еліміздің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өз қоймаларынан картоптың 1 келісін қанша теңгеден сатып жатқанын да атап өтті.

Бағаға қатысты айтар болсақ, бүгінде өндірушілер қоймаларынан картоптың 1 келісін 200 теңгеден сатып жатыр. Ал қалған 200 теңгені делдалдар немесе ірі сауда дүкендері өздері қосып отыр,

деді Сапархан Омаров.

Соңғы аптада елімізде картоп бағасы күрт қымбаттап, 1 келісі 400 теңгеден асып кеткенін айта кету керек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров