Ғарышқа билет құны 3,8 миллион долларға жетті

Экспресс К

instagram.com / jeffbezos

Миллиардер Джек Безос ұшатын Blue Origin компаниясының New Shepard ғарыш кемесіне билет құны 3,8 миллион АҚШ долларына жетті.

Оған ашық аукцион компания сайтында өткізіліп жатыр, деп хабарлайды ЭК

Amazon-ның негізін қалаушысымен бірге ғарышқа ұшуға арналған аукционға осы уақытқа дейін әлемнің 143 елінен 6 мың үміткер қатысқан.

New Shepard биыл 20 шілдеде ұшырылады. Аукционға қатысуға арналған тіркеу ертең сағат 17:00-де (Шығыс Еуропа уақыты бойынша) жабылады. Ал сауда виртуалдық режимде 12 маусымда өтеді.

Аукцион жеңімпазы ғарышқа Безоспен және оның бауыры Маркпен бірге Батыс Техастағы Blue Origin ғарыш айлағында үш күндік толық дайындықтан өткеннен кейін ұшады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров