Ақ жауын жолды шайып жатыр (видео)


© ЭК
Ақ жауынның салдарынан су астында қалған жолды жолаушылар видеоға түсіріп алған.
Атырау облысында жауған жаңбыр салдарынан жол жиегі опырылып жатыр, — деп жазады ЭК


© ЭК
Тұщықұдық мен Ерғалиев ауылдарының маңындағы Атырау-Құрманғазы айналма жолын жаңбыр суы басып, көлге айналды. Осыған байланысты көліктердің жүруі қиындап, тіпті жол ернеуінен асқан. Тіпті шайып кеткен, кей жерлері опырылған. Соңғы екі күнде облыста қатты жауын болды.
— Жол жабылмады, көліктердің жүруіне еш кедергі болмады. Барлық шаралар қолға алынды, жолды ретке келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Су сорғылар жұмылдырылды. Жол-көлік оқиғасы тіргелген жоқ,