Атырау облысы

Сармат жауынгерлерінің сүйегі табылды

Экспресс К

© ЭК

Атырау облысы Қызылқоға ауданында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан жергілікті археологтар үш сармат жауынгерінің сүйегін тапты, деп жазады ЭК.

Археологтар сарматтар дәуіріне тән қорымдарда қазба жұмыстарын бастап кеткен. Осы жұмыстар кезінде жер астынан жауынгерлер сүйегі мен сармат дәуіріне жататын тарихи жәдігерлер шықты.

Қарақұдық қорғандар тобы 2012 жылы археологиялық барлау-зерттеу жұмыстары кезінде анықталған еді. Қарақұдық қорғандар тобы сармат дәуірінің тарихи ескерткіштері болып есептеледі. Археологиялық зерттеу жұмыстары екі кезеңнен тұрады. Екінші кезеңді халықаралық экспедиция шеңберінде өткіземіз деп жоспарлап отырмыз, — дейді археолог Амангелді Зайнов.

Енді табылған сүйектерге антропологиялық зерттеу жүргізілетін болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров