116 млн теңге ұрлағандар ұсталды

Экспресс К

Көліктегі ПД

“Қостанай-Алматы” пойызындағы жолаушының сөмкесінен 116 млн теңге ұрлағандар ұсталды,- деп жазады ЭК.

31 мамыр күні "Қостанай-Алматы" бағытындағы пойызынының 22 жастағы жолаушының сөмкесінде 116 млн 900 мың теңге қаржысы болған. Түнемеге ол әдеттегідей ұйқыға жатқан. Түн жарымда "Жақсы" станциясында оянып кеткен бойжеткен, сөмкедегі ақшаның жоқ екендігін көріп, бірден Көліктегі полиция Департаментінің жолаушылар пойызын сүйемелдеу батальонына көмекке жүгінеді.

Қоңырау түскеннен бастап қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі тергеушілерден арнайы топ құрылды. Жедел-іздестіру жұмыстары аясында жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізіліп, пойыздың барлық қызметкерлері мен жолаушыларынан жауап алынды. Нәтижесінде күдіктілердің фотороботы жасалды,- деді Көліктегі полиция Департаменті бастығының орынбасары Нұржан Әлібаев.

Көліктегі ПДКөліктегі ПД
Көліктегі ПД

8 маусым күні күдікті үш жігіт ұсталып, тұрып жатқан жерлерін тінту кезінде 12 млн 620 мың теңге мен 198 мың 500 АҚШ доллары табылды. Ұрылар оңай олжаға екі көлік сатып алып үлгерген.

Көліктегі ПДКөліктегі ПД
Көліктегі ПД

Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, оларға қатысты ҚР ҚК 188 бабының 3 бөлімі 4 бөлігімен (Аса үлкен көлемде жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров