COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 397976 ЖАЗЫЛҒАНДАР 372414 ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4124


©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1 мың 144 жағдайы тіркелді, деп хабарлады бейсенбіде коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).
Бір күн бұрын елде COVID-19-ның 1 мың жағдайы анықталды, 15 адам қайтыс болды.
Пандемия басталғаннан бері елде Сovid-19 -дың барлығы 397 мың 976 жағдайы расталды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында — 222,
Алматы қаласында — 126,
Шымкент қаласында — 58,
Ақмола облысында — 48,
Ақтөбе облысында — 30,
Алматы облысында — 64,
Атырау облысында — 69,
Шығыс Қазақстан облысында — 79,
Жамбыл облысында — 32,
Батыс Қазақстан облысында — 89,
Қарағанды облысында — 160,
Қостанай облысында — 35,
Қызылорда облысында — 10,
Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 372 мың 414 адам емделді, оның ішінде соңғы тәулікте 1 мың 543 адам.
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, пандемия басталғаннан бері ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекциядан (КВИ+) 4 мың 124 адам қайтыс болды, оның ішінде 13 — і соңғы тәулікте.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап республикада коронавирустың клиникалық көріністері бар, бірақ ПТР нәтижесі теріс пневмониямен сырқаттанушылықтың 55 мың 999 жағдайы тіркелді, 3 мың 400 адам қайтыс болды.
10 маусымдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекциядан 22 мың 456 адам емдеуді жалғастыруда, оның ішінде 21 мың 438 — оң ПТР-тестімен (КВИ+) және 1018 — теріс (КВИ-), стационарларда 7 мың 576 пациент, амбулаториялық емдеуде — 14 мың 880 адам.
"КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінен-ауыр халде 516 пациент, аса ауыр халде — 113, ӨЖЖ аппаратында — 78 пациент бар", — деп Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде көрсетіледі.