Маңғыстау үстіртінде барыстың өлексесі табылды (видео)

Экспресс К

facebook.com / azamat.sarsenbaev

Эколог Сәкен Ділдахмет айтуынша аймақта осымен екінші оқиға тіркеліп отыр. Егер жабайы жануарды қасақана адам өлтірген болса, онда құқық қорғау органдары кінәлінің жеке басын анықтау үшін барлық шараларды қабылдау қажет.

Барыстың өлексесі Маңғыстау облысының Бейнеу ауданынан табылды. Бұл туралы Facebook қолданушысы Азамат Сәрсенбаев жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды ЭК.

Сәрсенбаевтың айтуынша бұл барыстың марғауы болса керек. Дала жыртқышы шамамен 10 күн бұрын өлген.

Сірә, ол бізге Түркіменстаннан келген болар, әлде, өзге де үлкен барстар өзінің үйіріне қоспаған болар. Маңғыстау жері қатал,

деп жазды Сәрсенбаев.

Эколог Сәкен Ділдахмет мұндай жағдай облыста екінші рет болып отырғанын айтады. 2015 жылдың басында Жаңаөзен қаласының тұрғындары осындай барысты қасақана өлтіргенге ұқсайды.

"2018 жылы өлтірілген барыстан кейін Үстірт қорығының аумағына тағы біреуі кірген еді. 2021 жылы бұл барыс тұқымы (Орталық Азия түрлері) Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді. Өкінішке орай, бұл Маңғыстау өңірінде тіркеліп отырған екінші факт. Егер хайуан адамның қолынан өлтірілген болса, онда құқық қорғау органдары кінәлі адамның жеке басын анықтау үшін барлық шараларды қабылдауы керек", — деп жазды Ділдахмет.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров