Тіршілік нәрі – түйінді мәселе!
Сыр өңірінде егіске су тапшылығы айрықша сезілуде. Жер анадан ризық тапқан еңбекші қауым жерге қарап қаламыз ба, - деп алаңдайды.

Жалпы биыл ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан Қызылорда облысына бөлінген су лимиті 508 миллион текше метрге қысқартылды, деп хабарлайды ЭК.

© ЭК
© ЭК
© ЭК

Сырдарияға жоғарыдан келетін судың аздығы дихан қауымның мерзімді мәселесіне айналғаны қашан. Сыр дихандары былтыр да күрмеулі жағдайға тап болып, әупірімдеп жүріп егіс науқанын аяқтаған еді. Биылғы жағдай тіптен қиын. Егілетін күріш көлемі өткен жылмен салыстырғанда 6,6 мың гектарға қысқартылды. Соның өзінде тіршілік нәрі жетіспей жатыр. Әсіресе, Қызылорда облысының солтүстік аудандарындағы ахуал күрделі. Шаруалар жерді айдап, тыңайтқыш сеуіп, егіске дайындап қойған. Бірақ әлі де нәр тамбаған алқаптар бар.

© ЭК
© ЭК
© ЭК

Тіршілік нәрінің тапшылығы төрт түлігімен жан баққан қарапайым тұрғындардың да бас ауруына айналды. Арал ауданында жаппай көлдер тартылып, жағасы жар балшыққа айналған. Салдарынан суатқа келген малдар ұйыққа түсіп, өліп жатыр. Қазірге дейін аудан тұрғындары 500-ге жуық ірі қарадан айырылды. Ең қиыны, айдынды өлкедегі ірілі-ұсақты көлдердің бәрі кеуіп кету алдында тұр. Көпшілігіне 2017 жылдан бері су құйылмаған. Ата кәсіптен қол үзген жұрт енді тіршілігіне сүйем болар төрт түлігінен айырылуда.

© ЭК
© ЭК
© ЭК

Шардара мен Көксарай су реттегішіндегі су көлемі өткен жылмен салыстырғанда 203,2 миллион текше метрге кем. Соның салдарынан Сырдариядан төменге жіберілетін су көлемі де айтарлықтай қысқартылған. Бүгінде Қызылорда облысына секундына 555 текше метр су жіберілуде. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 66 текше метрге аз. Сыр жұртшылығын алаңдатқан мәселе облыстық деңгейде шешілмейді. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қазір үкімет тарапынан көршілес мемлекеттермен келіссөз жүргізіліп жатқанын хабарлады.

© ЭК
© ЭК
© ЭК

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров