Сайран көлін дрондар бақылайды

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Шомылу маусымы кезінде Алматыдағы Сайран көлінде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Енді құтқару қызметін жеделдету үшін дрондар іске қосылады, деп жазады ЭК. Бұл туралы Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Алматы қаласы ТЖД басшысының орынбасары Ерлан Әлібеков Сайрандағы қауіпсіздікке жан-жақты тоқталды. Оның айтуынша, қазір көлдің екі бөлігінде ғана шомылуға рұқсат етілген. Адамдар белгіленген аумақтан ары асып жүзіп кетпеуі үшін арнайы қалтқылар орнатылған. Сонымен қатар мұнда құтқару қызметінің бекеті де бар. Бұл жерде жұмыс күндері бес, ал демалыс күндері жеті арнайы мамандар жұмыс істейді. Үш моторлы қайықтар сақадай сай тұр. Енді осы қызмет түрлеріне ұшатын дрондар көмекке келеді.

Біз Сайран көліне мониторинг жүргізу үшін дрондарды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл құтқарушылардың қызметін жеделдетуге серпіліс береді,

деді Алматы қаласы ТЖД басшысының орынбасары Ерлан Әлібеков.

Сондай-ақ, көлдегі шомылуға рұқсат етілмеген аумақта 14 тыйым салу белгілері қойылған. Көл жағалауында жергілікті полиция қызметкерлері күн сайын кезекшілік етіп, демалушылардың шомылу тәртібін қатаң сақтауын қадағалайтын болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров