Қылмыстық топ мемлекетке 500 млн теңгеден астам шығын келтірген

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Павлодар облысында жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді.

Бұл туралы ЭК Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

11 адамнан тұратын қылмыстық топ бақылауындағы 20 жалған фирма арқылы жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып беріп, мемлекетке 500 миллион теңгеден астам залал келтірген.

Кінәлі азаматтар 1,5 жылдан 6,5 жылға дейінгі мерзімге сотталды. Олардан 4 пәтер мен 3 автокөлік тәркіленген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров