Оралда велосипедтен құлаған азамат қайтыс болды

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша оқиға бүгін таңғы сағат 7:00 шамасында болған, деп хабарлайды ЭК.

Қала көшелерінің бірінде велосипедпен келе жатқан 62 жастағы ер адам абайсызда құлап, көз жұмды. Оның құлап қалғанын көрген тұрғындар дереу жедел жәрдем шақырған. Өкінішке қарай азамат жедел жәрдем келіп жеткенше жан тәсілім етті. Алдын ала мәлімет бойынша 1959 жылғы ер адам жүрек талмасынан қайтыс болуы да мүмкін. Қазір полиция қызметкерлері жан-жақты тексеру жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров