Ойынның соңы өртке ұласты

Экспресс К

© ЭК

Ақмола облысында жасөспірімдер теректің ұлпасын жағамыз деп, автобус паркін өртеді.

Ақмола облысының Атбасар ауданында балалар теректің ұлпасын жағып, өрттің соңы автобус паркіне ұласты деп хабарлайды ЭК. Парктің жабық шатыры астындағы автотұраққа қойылған көліктер зардап шеккен. Қазір облыстық полиция департаменті автопарк дииректорының арызы-шағымы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады. Әзірге белгілі болғаны зардап көлемі 3 млн теңгені құрап отыр. Ал полицейлер өрт қойған 16 және 17 жастағы жасөспірімдерді анықтады. Балалардың тағдырын енді сот органдары шешетін болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров