Жанжалдан соң үйден шығып кетіпті

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысында жанжалдан соң үйінен кеткен екі жасөспірім қыз табылды.

Мақтаарал АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, деп хабарлайды ЭК Polisia.kz ақпаратына сүйеніп.

Арызданған адамның айтуынша, түнгі сағат 23:00 шамасында үйіне қыдырып келген 15 жастағы қайнысының қызы мен 14 жастағы өзінің қызы үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Тәртіп сақшылары хабар алысымен кәмелет жасына толмаған екі бірдей қызды іздеуді бірден кірісті. Баруы мүмкін деген аймақтарды жіті бақылап, барлық туыстары мен достарынан жауап алды. Сөйтіп, полицейлер жоғалған екі қызды бір тәулік ішінде Жетісай қаласындағы саябақтардың бірінен тапты.

Белгілі болғандай, қыздар жоғалардан бұрын 14 жасар жасөспірімнің әке-шешсі жанжалдасып қалған. Осының салдарынан екі қыз өзара ақылдасып, үйден кетіп қалуды көздейді. Содан соң барлығының ұйықтағанын күтіп, өздерінің жинап жүрген ақшаларын алып, Жетісай қаласына қарай бағыт алған. Осылайша екі қыз саябақтардың бірін паналапты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров