Вирус азайып, азық-түлік қымбаттап жатыр

Экспресс К

© ЭК

Бүгін ҚР Үкіметінің кезекті отырысында жағымды және жағымсыз екі мәселеге назар аударылды.

Ең алдымен ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эмидемиологиялық ахуалдың тұрақтанып келе жатқанын айтып көңілдерге үміт ұялатты. Өткен тәулікте 1144 адам вирус жұқтырса, 1143 науқас індеттен айығып шыққан, деп жазады ЭК.

Коронавирусқа қарсы вакцина салғандардың саны 2371178-ге жеткен. Бұл жұмыстар бойынша көш басында Алматы қаласы тұр. Әрине, жаппай вакцинациялаудың оң әсері байқала бастағаны жақсылықтың белгісі. Мамыр айының соңына қарай вирус жұқтыру мөлшері 2,1 есеге азайған. Қазір қызыл аймақта Нұр-Сұлтан қаласы ғана тұр.

Есесіне еліміздегі азық-түлік бағасының қымбаттағаны тұтынушыларды алаңдатуда. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов оның бірқатар себеп-салдарына тоқталды. Атап айтқанда жыл басынан бері азық-түлік тауарларының бағасы 6,3 процентке өскен. Әсіресе көкөністер қымбаттауда. Импортқа тәуелді өнімдер мен экспорттық сұранысы бар тауарлар туралы да осыны айтуға болады. Бағаның көтерілуі Түркістан облысында 9,4, Нұр-Сұлтан қаласында 8,5, Алматыда 6 проценттік өсімді көрсетті. Өзекті мәселенің бірі өз картобымыз ішкі нарықты толық қамтамасыз ете алмауда. Ағымдағы жылы Иран мен Пәкістаннан 28 мың тонна картоп сатып алынған. Оның бағасы отандық өнімнен үш есе артық.

ҚР Премьер-Минстрі Асқар Мамин осы мәселе бойынша тиісті орындарға тапсырма берді.

Өңірлердегі әкімдіктерге мемлекеттік органдармен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, ішкі нарықты молықтыру бойынша шаралар қабылдау тапсырылды,

деді Үкімет Басшысы.

Сонымен қатар Асқар Мамин бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне әкімдіктермен бірлесе отырып азық-түлік тауарлары бағасын негізсіз өсіру фактілерін анықтап, оған тосқауыл қоюды міндеттеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров