"ERG" компаниясы білім беру жобасын қолға алды

Экспресс К

Көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардағы 1000 оқушы мен жұмыссыздардың ERG есебінен білім алуына мүмкіндігі бар.

Eurasian Resources Group "Ел тірегі — Елбасы" атты республикалық қайырымдылық акциясын қолдап, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай BTS Education компаниясымен бірлесіп білім беру жобасын қолға алды, деп хабарлайды ЭК.

ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлер — Павлодар, Ақтөбе, Қостанай мен Қарағанды облыстары және Шымкент қаласында 965 жоғары сынып оқушысы мен 35 жұмыссыз адам компьютер мен интернеттегі сауаттылық, бағдарлау, әлеуметтік желілердегі маркетинг (SMM) пен электронды коммерцияны тегін меңгермек.

Бұдан бөлек, оқушылар "қазақ тілі", "орыс тілі", "ағылшын тілі" мен "Қазақстан тарихы" пәндері бойынша елдегі озық репетиторлардан жеке онлайн сабақ алуына мүмкіндік бар.

Біз ERG кәсіпорындарында еңбек ететін 60 мыңнан астам қызметкер ғана емес, сонымен бірге топ кәсіпорындары орналасқан өңірлердің тұрақты дамуына жауапты екенімізді жете түсінеміз, — дейді ERG директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.

Сондықтан, біз жастар мен балалардың болашақта жұмысқа орналасуына септесетін, олардың дамуына қажетті дағдыларды тегін меңгеруіне жағдай жасауды ұйғардық. Былайша айтқанда біз оларға дайын дүниені емес, оны қалау жасау жолын үйреткіміз келеді. Бұл білім беру жобамыз алдымен көпбалалы және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасылардың балаларына сеп болып, оларға жоғары оқу орындары мен колледждерге түсіп кетуіне септеседі деген сенімдеміз,-деп сөзін түйіндеді Александр Машкевич.

Жоба операторы — BTS Education компаниясы оқушыларға заман табалына сай білім беретін үш бағдарлама ұсынып отыр:

EduNavigator 2.0 — тегін кәсіби бағдарлаушы тест. Нәтижесінде 8-11 сынып оқушылары өздерінің қабілетіне сай мамандықтарды таңдауға мүмкіндік алады. Бүгінде нақты қандай мамандық сұранысқа ие екенін түсіне алады.

2tors.online — 8-11 сынып оқушыларына арналған репетиторлардың қызметі. Әзірге жұмссыз жүрген жандар да белгілі бір пәндер бойынша білімін осы 2tors.online арқылы жетілдіріп, JumysBar курсынан өте алады.

JumysBar — жұмыссыздар мен 8-11 сынып оқушыларына SMM", "Нольден бастап бағдарлау", "Интернет-сауаттылық", "Teach English", "Электронды коммерция" бағыттары бойынша білім беру.

Қатысушылар тізімін облыс әкімдіктері түзген. Оқыту 2021 жылғы маусымның 10-ы мен тамыздың 31-і аралығында бірнеше кезеңде жүреді.

ERG бастамасымен қолға алынған бұл жоба көктемдегі қайырымдылық шарасының жалғасы. Естеріңізде болса, сәуір айында "Ел тірегі — Елбасы" акциясы аясында компания ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлер — Павлодар, Ақтөбе, Қостанай мен Қарағанды облыстары және Шымкент қаласындағы аз қамтылған отбасыларға 11 000 азық-түлік себетін жеткізген болатын.

Анықтама үшін:

Eurasian Resources Group (ERG) — табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі. Төрт құрлықта орналасқан 15 елде ERG-дің кәсіпорындары өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі саналады. 2019 жылы Eurasian Resources Group өзінің Қазақстандағы 25-жылдық мерейтойын атап өтті, ал Люксембургтегі кеңсесінің қызметіне 5 жыл толды.

Бүгінде ERG жоғарыкөміртекті феррохром құрамындағы хром үлесі бойынша Еуразия кеңістігіндегі көшбасшы әрі темір кенін жеткізуші ірі компанияға айналды. Қазақстандағы жоғары маркалы алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын Топ құрамында. Сондай-ақ, мыс пен кобальт жеткізуші ірі компаниялар қатарында.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров