"Байқоңыр" ғарыш айлағын жалға алған Ресей елімізге қанша қаражат төледі?
Сенат 1994 жылғы 10 желтоқсандағы екі мемлекеттің Үкіметі арасындағы "Байқоңыр ғарыш кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды ЭК.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша "Байқоңыр" ғарыш айлағы бүгінгі таңда халықаралық талаптарға сай жұмыс істеп тұр. Келісімшартқа сәйкес қазынаға жыл сайын 115 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы түседі.

Өткен 27 жыл ішінде республикалық бюджетке 3,1 млрд АҚШ доллары түскен. Еске салсақ, екі елдің өзара мүдделері ескеріле келе 2004 жылы "Байқоңыр" ғарыш кешенін жалға алу мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылған болатын

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров