Елордада екпе алушылар қатары сиреді
Елордада коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыратын тұрғындардың саны азайып барады, деп хабарлайды ЭК.

Қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.

"Вакцина — бұл COVID-19-ды жеңудің ең қуатты қаруы және біз мүмкіндігінше көп адамның вакцина қабылдауы үшін барлығын жасап жатырмыз. Вакцинациялау бойынша уақытша пункттеріміз вакцинацияны қажет ететін тұрғындардың көбірек санын қамтуда маңызды рөл атқарады. Естеріңізге сала кетейін, халықтың 60 пайызында иммундық қабат болмайынша, ауру ешқайда кетпейді. Әдеттегі өмір салтына қаншалықты тез оралатынымыз біздің азаматтарымыздың санасына байланысты. Мұны тек тұрғындардың бірлескен күшімен жасауға болады",- деді ол.

Ол соңғы айда вакцинация қарқынының төмендеуі байқалғанын, мамыр айында вакцинация алғандардың саны сәуір айымен салыстырғанда 46 пайызға кемігенін айтты.

"Дегенмен, қабылданған шаралардың арқасында ауру қарқыны төмендегені байқалады, күн сайын коронавирус жұқтырған саны азайып келеді. Орташа есеппен бір аптадаы 10% -дан 19% -ға дейін төмендеу байқалады, дей тұрғанмен ауруды тіркеу әлі жоғары деңгейде, бұл COVID-19 эпидемиологиялық жағдайы әлі жақсара қоймағанын білдіреді, сондықтан қала "Қызыл аймақта", — деді Сархат Бейсенова.

Оның айтуынша, тәулігіне 70-тен 222-ге дейін коронавирустық инфекция тіркеледі.

"2021 жылдың басынан бері қалада ауру саны 38 мыңнан асты, пандемия басталғаннан бері 57 390 оқиға тіркелді. Бір апта ішінде COVID-19 ауруының 1263 жағдайы тіркелді, ауру көрсеткіші алдыңғы аптаға қарағанда 18% төмен, 100 мың тұрғынға шаққанда интенсивті көрсеткіш 106,3 құрады. Репродуктивті саны — 0,87", — деп атап өтті спикер.

Айтуынша, өткен тәулікте 222 оқиға тіркелген. Қазіргі уақытта қалада 1573 инфекцияның белсенді ошағы бар, оның ішінде: үйде — 1212, ұйымдасқан — 361. Коронавируспен ауыратын адаммен байланыста болған 3233 адам дәрігер бақылауында.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров