Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында ауыл клубы өртеніп кетті (видео)

Экспресс К

Бейнеден кадр

Шалқар ауданының Қотыртас ауылындағы ауыл клубы өртке оранды. Оқиға 9 маусым күні болған. Кешкі сағат 18:37-нің шамасында клубтың шатыры жанған, деп хабарлайды ЭК.

Хабар түскен бойыда аудандық өрт сөндіру бөлімінен 8 қызметкер мен 2 техника жедел түрде жіберілді. Өрт төрт сағатқа жуық уақытта сөндіріліп болды. Қызыл жалын аумағы 187 шаршы метр жерді қамтыған, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша найзағай түскен дейді. Себебі сол күні қатты жауын-шашын болған. Ақтоғай ауылдық округі әкімідігі қызметкерлерінің айтуынша, клуб жұмыс істеп тұр. Үш адам еңбек етеді. Шығын көлемі анықталғаннан кейін, ғимаратты қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров