87 мың теңге айыппұл: күшіне енді

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова ереже күшіне енгендігін мәлім етті, деп хабарлайды ЭК.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар мен олармен байланыста болған адамдар үшін оқшауланудың міндетті режимін көздейтін санитарлық ережелерді бекіткен болатын. Енді сол ережеге сәйкес карантиндік талаптарды орындамағаныдар ҚР ӘҚбК 425-бабы 1-тармағына сәйкес, құқық бұзушылыққа жол берген тұлғалар 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл ереже бүгіннен бастап күшіне енді.

Дерек: "Ashyq" қосымшасы іске қосылған сәттен бастап үй каратинін бұзған 3 140 адам анықталған. Олардың 1 436-сы коронавируспен ауырса, 1 704-і науқастармен тікелей байланыста болған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров