Ұлыбритания

Британиялық миллионер ыдыс-аяқ жууға мәжбүр болды

Экспресс К

© Gilesh Fuchs

Англиядағы ең танымал және қымбат қонақүйлердің қожайыны жұмысшылардың жетіспеушілігінен мейрамханадағы ыдыстарды өзі жуып жатыр деп хабарлайды ЭК «Daily Mail» ақпарат агенттігіне сілтеме бере отырып.

Миллионер Джайлс Фукс "Burgh Island" қонақүйі акциясының 70 процентінің иесі. Англияның оңтүстік-батысындағы Девон графтігіне туристер өте көп келетіндіктен қонақүйдегі бөлмелер қазірдің өзінде 2021 жылдың қараша айына дейін алдын-ала ақшасы төленіп қойыпты.

Қонайқүй қожайыны жұмысшылардың жетіспеушілігінен сервистік қызмет көрсету сапасы нашарлап, туристерден айырылып қалмас үшін ас үйдегі жұмыстарға екі қолын сыбана кірісіп кетті. Өйткені әлемдік пандемия салдарынан еңбек мигрантттары ел аумағына өте алмайды. Жұмысшы тапшы болғандықтан миллионер соңғы екі аптадан бері мейрамханадағы ыдыс-аяқтарды өзі жуып-шайып, қызметкерлеріне болысып жүр

© Gilesh Fuchs© Gilesh Fuchs
© Gilesh Fuchs

Дерек: Қазіргі таңға Британ сауда ұйымдарының ресми мәліметі бойынша пандемия салдарынан тек қонақүй бизнесі саласындағы жұмысшы тапшылығы 188 мың адамды құрап отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров