Г. Әбдіқалықова: Егістік көлемі 80 мың гектарға қысқарады

Экспресс К

Pixabay

Биыл күріш егістігінің көлемін 89,5 мың гектардан 83 мың гектарға дейін қысқартылды, келешекте бұл көрсеткішті 80 мың гектарға дейін азаяды, деп хабарлайды ЭК.

"Суармалы сумен байланысты проблемаларды ескере отырып, ауылшаруашылығы өндірісін, әсіресе, егіншілікті әртараптандыру, су ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде шараларды қабылдаудамыз. Аймақтағы топырақтың қатты тұздылығын ескере отырып, біз күріштен толықтай бас тарта алмаймыз. Дегенмен, күріштің егіс алқаптарын азайтуға жұмыс жүргізудеміз", — деді Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Оның айтуынша, бүгінде күрішті суға бастыру 100 пайызға (83 мың га) орындалды. Алдағы уақытта ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерге тұрақты табыс табуға мүмкіндік беретін ылғал сыйымдылығы аз дақылдар — соя, жүгері, майлы және жемшөп дақылдарының егістігін ұлғайту жоспарда бар.

Қазір ауыл шаруашылығына ылғал үнемдеу технологияларын енгізу қолға алынып жатыр. Өткен жылы пилоттық режимде аквагельдерді қолдану сынақтан өткізілген.

Биыл бұл тәжірибені кеңейтіп, жүгері мен жоңышқа өсіру үшін жаңбырлатып суаруды енгізудеміз,

деді Әбдіқалықова.

Сонымен бірге, мал және балық шаруашылығын дамыту бойынша шаралар қолға алынып жатыр.

Жалпы мал басының барлық түрінен өсім байқалып отыр. Бұл ретте, жайылымдық жерлердің тиімділігін арттыруға айрықша басымдық берудеміз. Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі аймақтық бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр,

деді ол.

Бұл тауарлы балық көлемін 16 мың тоннаға дейін жеткізе отырып, 100 еседен артық көбейтуге, ал балық өнімдерінің экспортын 2 есе — 8,5 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров