Қызылорда облысында 58 млрд теңгеге 76 жоба іске асырылады

Экспресс К

Pixabay

Өңірде алдағы 5 жылда агроөнеркәсіптік кешен саласында жалпы құны 58 млрд теңге болатын 76 инвестжоба жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды ЭК.

Оның 42-сі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді.

2021 жылы 8,7 млрд теңгеге 21 жоба жүзеге асырылады. Жыл басынан бері 8 — егін шаруашылығында 4, бал арасын өсіруде 2, мал шаруашылығында 2 жоба жүзеге асты,

деп атап өтті ол.

Айтуынша, азық-түлік қауіпсіздігін және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында тұрақтандыру қоры жұмыс істейді, 35 әлеуметтік дүкен және ірі сауда орындарында әлеуметтік бұрыштар бар.

"Азық-түлік тауарларын өндірушілер және сауда субъектілерімен бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде 272 меморандумға қол қойылды. Өндірушілер, көтерме жеткізушілер және ірі сауда желілерімен 12 монополияға қарсы келісім жасалды. Жыл басынан бері 15 азық-түлік жәрмеңкесі өткізілді, онда 500 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімі нарықтық бағадан 15-20%-ға төмен немесе өндірушілер бағасына сатылды", — деп түсіндірді облыс әкімі.

Гүлшара Әбдіқалықованың сөзінше, азық-түлік тауарларын өндірушілер үшін жыл соңына дейін тарифтерді көтермеу жөнінде су, жылу, электр энергиясын тасымалдаушылармен меморандумдарға қол қойылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров