Әлемуеттік қызмет саласы цифрландырылады

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Биыл, жыл басында мемлекеттік қызметтердің 91%-ы цифрландырылды, олардың жартысынан астамы – проактивті, деп хабарлайды ЭК.

Биыл көрсетілетін қызметтер санын 93%-ға дейін арттыру көзделген.

Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуі барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлімдеді.

"Біз цифрлық шешімдерді белсенді енгізіп, проактивті мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландырамыз, көрсетілетін қызметтердің санын арттыру және оларды азаматтар үшін қолжетімді ету үшін кезеңдер санын қысқартамыз", — деп атап өтті Серік Шәпкенов.

Өткен жылы 12,4 млн қызметтің жартысынан көбі, яғни 7,8 млн электронды түрде көрсетілді .

Ол іске асырылып жатқан цифрлық жобалардың бірі — мүгедектігі бар адамдарға қызметтер мен оңалту құралдарын тікелей өнім берушіден сатып алуға мүмкіндік беретін Әлеуметтік қызметтер порталы екенін айтты.

Бұл, ең алдымен, қызметтер сапасының өсуіне ықпал етеді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.

2020 жылы мүгедектігі бар адамдар портал арқылы оңалту құралдары, жеке көмекшінің қызметтері, ымдау тілі маманының қызметтері, санаторий-курорттық емдеу бойынша 128 мың қызмет алған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров