Мұнайлыда су тапшы

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Маңғыстау облысындағы халық саны жағынан ең үлкен аудан – Мұнайлыда су тапшы , деп хабарлайды ЭК.

Тіпті жаз айларында шайынатын, кір жуатын су таппай қаламыз, дейді тұрғындар. Бұл мәселені шешу үшін мұнайлылықтар осы күнге дейін аудан әкімдігінің табалдырығын тоздырған.

Халық үні құлақтарына жеткен басшылар биыл мәселені шешу жолына кірісті. Нәтижесінде ауыз су қажеттілігін жою мақсатында алдағы уақытта 3 ірі жобаны жүзеге асыру қолға алынды.

"Біріншісі "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-нің аумағында қуаты 24 мың текше метр су тұщыту қондырғысын салу. Екінші жоба — "Кендірлі" курорттық аймағында қуаты тәулігіне 50 мың текше метрлік су тұщыту зауытын салу. Үшінші жоба бойынша "Каспий" су тұщыту зауытының қуаттылығын 20 мыңнан 40 мың текше метрге ұлғайтуды жоспарлап отырмыз",-дейді Маңғыстау облысы энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев.

Мұнайлы тұрғындары Аталған жобалар салынып біткенше жаз айларында тағы да сусыз қаламыз ба деп алаңдаулы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров