Елімізде Мемлекеттік әлеуметтік қор құрылады

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қазақстанда Әлеуметтік кодекстің қабылдануына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік қор құру жоспарланған, деп хабарлайды ЭК.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов халық алдындағы есептік кездесуі кезінде осындай ақпаратпен бөлісті.

Министр Президенттің тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта әлеуметтік кодексті әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасы әзірленді, онда әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін сапасын жақсартуға бағытталған негізгі тәсілдер қалыптастырылды,

деді министр.

Айтуынша, әлеуметтік сақтандыру қоры базасында Мемлекеттік әлеуметтік қор құрылады. Оған Әлеуметтік кодекс аясында "әлеуметтік институттарды реформалау", атап айтқанда, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияларды беру көзделген.

Сондай-ақ Әлеуметтік кодексте азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру; мұқтаж отбасыларды әлеуметтік қолдау институтын дамыту; халықтың әлеуметтік әл-ауқатының индексін енгізу көзделген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров