Жәй сүйенішті ұстағаннан ток соққан

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Қарағандыда баспалдақтың темір сүйенішін ұстаған адамды ток соғып өлтірді.

Бұл — сол аумақта бір аптада болған екінші өлім, деп хабарлайды ЭК Қарағанда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаменті Қарағандының "Горняк" базарында 33 жастағы ер адамның өлімі бойынша тағайындалған сот-медициналық сараптама қорытындысын жариялады.

"9 маусымда болған жазатайым оқиға дерегі бойынша ҚР ҚК 306-бабы "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама жәбірленушінің өлімі электр тогының соғуы салдарынан болғанын анықтады", — дейді полициядағылар.

Бұрынырақ дәл осы аумақта 6 маусым күні 36 жастағы әйелдің де мәйіті табылғаны туралы айтылған еді. Жергілікті тұрғындар оны да ток соққан деп отыр. Бірақ тәртіп сақшылары бұл өлім жүректен болғанын айтуда.

"Бұған дейін хабарланғандай, 6 маусымда дәл осы ауданда 36 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Медициналық сараптама оның өлімінің себебі жүрек ауруы — "кеңейтілген кардиомиопатия" болғанын анықтады. Сондықтан әйел де электр тоғының соғуынан мерт болды деген болжамдар мен қауесеттерге еш негіз жоқ", — дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров