Маңғыстауда төтенше жағдай жариялана ма?

Экспресс К

facebook.com / torekenov.torekenov

Өңірде екі жалдан бері қуаңшылыққа байланысты мәселе өткір тұр. Жауын-шашынның болмауы, жайылымдық жерлердің құрғап қалуы, облыста осы күнге дейін 1300-ден астам ұсақ мал мен 500-ден астам жылқының қырылуына әкелді, деп жазады ЭК.

Соған байланысты "Маңғыстауда төтенше жағдай жариялануы мүмкін бе?" деген сұраққа Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов жауап берді.

"Дәл қазіргі уақытта облыста төтенше жағдай жариялауға белгілі бір заңдылықтарға сәйкес қажеттілік жоқ. Алдағы уақытта тиісті мамандармен жағдайдың ыңғайына қарай ойластырамыз",-деді облыс әкімі.

Айта кетейік, қуаңшылық жайлаған өңірде биыл шаруаларға қиын болып отыр. Өткен аптадан бері облысқа еліміздің өзге өңірлерінен мал азығы жеткізіліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров