«Тәрелке жоқ!». Ауруханада тамақты шкаф үстіне қоя салған (видео)

Экспресс К

Әлеуметтік желі

Петропавл қалалық 3-ші ауруханасының пациенті видео түсіріп алыпты.

Онда оған әкелінген ірімшік көмешінің тура шкаф үстіне қойыла салғаны көрсетіледі, деп хабарлайды ЭК.

Ал оның "бұл қалай?" дегеніне аурухана қызметкері "Енді қайда саламын? Бізде тәрелке жоқ!" деп жауап береді.

Петропавловск.news тілшісі де бұның қалай екенін білу үшін Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасына хабарласыпты. Ондағылар осы жағдайдан кейін әлгі қызметкерге орнынан кету туралы айтылғанын хабарлаған. Және олар өздерінде ыдыс жеткілікті екенін айтып отыр.

"Көмеш пациенттің шкафына қойылса, ол санитардың кінәсі. Бұл жағдай медбикелер кеңесінде талқыланды. Онда аурухана әкімшілігіне сол қызметкерге сөгіс жариялап, оны басқа жұмысқа ауыстыру туралы ұсыныс айту жөнінде шешім қабылданды", — дейді басқармадығалар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров