Автошабандоздарға малшы кедергі жасады

Экспресс К

rallykazakhstan.com

Көтерілген шаңнан отар қойын таппай қалған.

Интернет желісінде "Ралли Қазақстан-2021" автошабандоздарына қатысты бейнежазба пайда болды. Онда облыс тұрғынының бірі спортшыларға арналған жолды өз көлігімен жауып тастағанын көруге болады, деп хабарлайды ЭК.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша Мұнайлы тұрғынының азаматы ралиидің үйінің жанында өтіп жатқанына наразы. Ол шаңнан терезелерді ашу мүмкін емес, дем алатын ауа жоқ, деп шағымданған. Шаңның қатты көтерілгені соншалық тұрғын өзінің отар қойын таба алмай қалса керек. Сондықтан жол талғамайтын көліктер малына шығын келтірмес үшін жолды жауып тастаған.

Алайда тұрғынның наразылығы ескерілмей, автошабандоздарға кедергі келтірген азаматқа айыппұл салынды.

Айта кетейік бүгінде Маңғыстауда әлемдік автошабандоздардың жарысы болып жатыр.

"Жолды бөгеген азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды",-деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров