Тағы төрт турист құтқарылды

Экспресс К

ТЖД

Түркістан облысының тауларында жоғалған тағы төрт турист құтқарылды, деп хабарлайды ЭК.

Төле би аудандық полиция бөліміне Сайрам-Өгем шатқалында төрт адам жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Яғни, Шымкенттен келген тұрғындардың отбасы екі автокөлікпен 7 маусым күні "Безымянный" шыңына аттанған. Әжесі мен келіні және екі немересі төменде қалған. Ал, 1981 және 1984 жылғы екі ер адам екі ұлымен бірге тауға кеткен. Олар 9 маусымда қайтып келуі керек еді, бірақ келмегеннен соң төменде қалған туыстары 102 нөмірі арқылы Төлеби ауданының полиция бөліміне хабарлаған.

ТЖДТЖД
ТЖД

Полиция қызметкерлері дереу арызды тіркеп, полиция қызметкерлері, ТЖД және қорықшылар қатарынан үш мобильді топты құрып, іздеу жұмысына жұмылдырылды. Олар жаяу Сайрам-Өгем табиғи қорығының аумағына іздеу жұмыстарын жүргізді. Яғни мемлекеттік саябақтағы шатқал, массивтер, жар, тау бөктері мен тау беткейлерін мұқият қарап шықты.

ТЖДТЖД
ТЖД

10 маусымға қараған түні іздеу шараларының нәтижесінде мобильді топтардың бірі жоғалған туристерді тауып, туыстарымен қауыштырды. Белгілі болғандай, туристер екі тау өзенінің арасында жоғалып, жүріп келе жатқан жолдарынан адасып кеткен.

Қазір туристердің жағдайлары қалыпты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров