COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 399096 ЖАЗЫЛҒАНДАР 374070 ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4136
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған COVID-19 жұқтырудың 1 мың 120 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады жұма күні коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).

Бір күн бұрын елде 1 мың 144 Сovid-19 оқиғасы анықталды, 13 адам қайтыс болды.

Пандемия басталғаннан бері елде Сovid-19 -дың барлығы 399 мың 96 жағдайы расталды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында — 205,

Алматы қаласында — 137,

Шымкент қаласында — 40,

Ақмола облысында — 50,

Ақтөбе облысында — 20,

️Алматы облысында — 55,

Атырау облысында — 63,

Шығыс Қазақстан облысында — 88,

Жамбыл облысында — 32,

Батыс Қазақстан облысында — 86,

Қарағанды облысында — 173,

Қостанай облысында — 35,

Қызылорда облысында — 18,

Маңғыстау облысында — 47,

Павлодар облысында — 37,

Солтүстік Қазақстан облысында — 21,

Түркістан облысында — 13.

Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 374 мың 70 адам емделді, оның ішінде соңғы тәулікте 1 мың 656 адам.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, пандемия басталғалы бері ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекциядан (КВИ+) 4 мың 136 адам қайтыс болды, оның ішінде соңғы тәулікте — 12 адам.

Сонымен қатар, елде бір тәулік ішінде ПТР (КВИ -) расталмаған коронавирус белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылықтың 70 жағдайы анықталды, жаңа өлім-жітім тіркелген жоқ. Бір күн бұрын пневмониямен ауырудың 71 жағдайы және одан екі өлім тіркелді.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап республикада коронавирустың клиникалық көріністері бар, бірақ ПТР нәтижесі теріс пневмониямен сырқаттанушылықтың 56 мың 69 жағдайы тіркелді, 3 мың 400 адам қайтыс болды.

11 маусымдағы жағдай бойынша 21 мың 951 адам коронавирустық инфекциядан емдеуді жалғастыруда, оның ішінде 20 мың 980 — оң ПТР-тестімен (КВИ+) және 1061 — теріс (КВИ-), стационарларда 7 мың 368 пациент, амбулаториялық емдеуде 14 мың 583 пациент бар

"КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінен-ауыр халде 521 пациент, аса ауыр халде — 111, ӨЖЖ аппаратында — 79 пациент бар", — деп Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде көрсетіледі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров