Алматыдағы ғимараттың 260 шаршы метрі өртенді


ТЖД
Кеше Алматының Розыбакиев көшесінде орналасқан BRASS PUB дәмханасында өрт шықты, деп хабарлайды ЭК қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Өрт алғашында кәуап жасайтын бөлмеде тұтанған, артынша жалын кафеге, кейін дүкенге және екінші қабатты шарпыған.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына түнгі сағат 11 жарымда келіп, бір сағаттан астам уақыт жалынмен арпалысты. Өртті сөндіруге 19 техника және 70 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Нәтижесінде жалын толық өшірілді, ғимаратың 260 шаршы метр аумағы толық жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ.