Бір отбасының 4 адамын қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Атырауда бүтін бір отбасын жол талғамайтын көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен 33 жастағы жүргізуші қамауға алынды. Ол бір аптадан астам уақыт бойы бой тасалап жүрген, деп жазады ЭК.

Оқиға 31 мамыр күні түнгі 1-лер шамасында Атырау облысы Мақат ауданы Доссор ауылында болған. Ауыл ішінде жаяу келе жатқан бір отбасы мүшелерін көшенің бірімен жүйіткіп келген Toyota Sequoia көлігі қағып, жүргізуші оқиға орнынан қашып кетіпті. Оған бірден іздеу жарияланған.

Отбасының 32 жастағы отағасы, 24 жастағы анасы, 6 және 1 жастағы бала түрлі дене жарақатымен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, қазір олардың жағдайы жақсы.

Күдіктінің жеке басы анықталып, қамауға алынды. Осы іс бойынша ҚР ҚК 345 бабының 2 бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде,-деді Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров