Қаскүнем көшеде граната лақтырды

Экспресс К

Әлеуметтік желі

Украинаның Харьков қаласында ер адам көше бойымен кетіп бара жатқан бір топ адамға бағыттап граната лақтырған.

Нәтижесінде, жарылыстан 3 адам жарақат алды, деп хабарлайды ЭК.

Жергілікті полиция басқармасының Twitterдегі парақшасына келтірген мәлімет бойынша 16 жастағы жасөспірім және 19 бен 33 жастағы екі адам зардап шеккен. Оқиға орнына медицина қызметкерлері жедел жетіп көмек көрсеткен. Қазіргі таңда жасөспірімнің жағдайы ауыр. Ал, қалған екі адамның халі қанағаттанарлық. Қаскүнемді сол жердегі басқа адамдар ұстап алып, полицияға тапсырған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров