Биыл Ақтөбеде 2,6 млн тонна мал азығы әзірленеді

Экспресс К

Pixabay

Ақтөбелік шаруалар қысқа ерте қамданды. Болжам бойынша биыл жаз ыстық болады, әрі көрші Маңғыстау облысындағы ахуал да шаруаларды алаңдатып отыр.

Осы жағдайларды ескерген өңірдің ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілері бір жарым жылға жететін, яғни 2,6 миллион тонна мал азығын дайындамақ, деп хабарлайды ЭК,

Көрші облыста қандай жағдай болып жатқанын білесіздер. Осы жағдайды ескере отырып, мал азығын ерте қамдау керек. Ең алдымен, ішкі сұранысты қамтамасыз ету керек, мүмкіндігінше көрші өңірге де көмектескен жөн,- деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин мал азығын дайындауға қатысты жиында.

Жем-шөп көлемін молайтуда барлық мүмкіндік қарастырылмақ. Облыс әкімі 2,4 мың гектар суармалы жер босқа тұрғаны үшін Ақтөбе қаласы мен Қарғалы, Хромтау аудандары әкімдерінің жұмысын сынға алды.

— Бұған сіздер де жол бердіңіздер. Жерді жұмыс істейтіндерге беру керек,

деді өңір басшысы.

Айта кетейік, бүгінде облыста 10,6 мың гектардан аса суармалы жерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатса, оның 4,5 мың гектары биыл пайдалануға берілмек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров