Ақтөбеде диспансерлік есепте тұрған 49 адам қару ұстаған

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

«Қару» жедел алдын алу шарасы кезінде, әзірге 45 адамнан заңсыз қару тәркіленді.

Ақтөбе облыстық прокуратурасы қарау-жарақ сатып алу, оны қолдануға рұқсат беру заңдылығын тексерді. Нәтижесінде жүйке ауруына шалдыққандарды емдейтін орталықта есепте тұрған 49 адамның қару ұстауға рұқсаты бар екені анықталды, деп хабарлайды ЭК.

46 адам наркологтың, 3 адам психиатрдың тізімінде тұр. Көпшілігі қаруды ұстауға рұқсат алғаннан кейін дәрігердің есебіне алынған. Осындай кемшіліктер болмас үшін деректерді үнемі тексеріп, салыстырып отыруға тапсырма берілді

деді облыс прокуроры Жасұлан Дәулембаев.

Қазір облыста "Қару" жедел алдын алу шарасы жүріп жатыр. Полицейлер 45 адамнан қару тәркіледі. Рейд кезінде 6 мыңнан астам қару иесі тексерілді. Нәтижесінде 235 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Облыстық полиция департаменті тұрғындарға заңсыз сақталған қару-жарақ, оқ дәрілерді өз еркімен тапсырғандар әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын ескертеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров