Депутаттың тамаққа айына 250 мың жұмсаймын дегені дау тудырды

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың «Азық-түлікке айына 200-250 мың теңге жұмсаймын» дегені әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды ЭК.

Бұл сөзді халық қалаулысы 31 арнада айтқан. Тілшімен бірге базарға барған ол азық-түлік бағасын көріп шошыпты.

Картоптың бағасы 450, сәбіздің бағасы 400-ден асқан. Ал сарымсақ 150-ден асып отыр. Енді осы азықтар жиынтығының өзі 960 теңге, бір келіден алған кезде. Қара базардағы баға, әрине, халық үшін қымбат,

дейді Е.Саиров.

facebook.com / e.sairovfacebook.com / e.sairov
facebook.com / e.sairov

Депутаттың осы "250 мың теңге" дегенін журналист Назым Дүтбаева Facebook-тегі парақшасына салып, бұл сонда қызу талқыланып жатыр. Пікір жазғандардың арасында Ерлан Саировтың өзі де бар.

"Сұхбат қымбатшылық, сол қымбатшылықтың халықты қысып бара жатқаны жөнінде. Ал енді айына азық- түлікке кететін шығынға келсек, менің отбасымда 5 адам бар. Нұр- Сұлтан қаласында азық-түлікке баға өсіп келеді. Картоп, сәбіз, пияз, балықты қосқанда шамамен 200 мың теңге болып қалады. Және де мен шамамен деп айттым. Базарға жолдасым екеуміз барғанымызбен, сауданы жасайтын сол кісі. Біз азық-түлікке келгенде шатасуымыз ықтимал. Тамаққа келгенде ешқандай артықшылыққа бармаймыз. Елдің жеген тамағын жейміз. Мен өзім қарапайым саясаттанушымын. Ешқандай артық дүние жоқ. Орташа тұрмыспен күнелтеміз", — деп жауап берген депутат.

Осыдан кейін пікір білдірушілердің бір бөлігі жазба авторын қолдап, екінші бөлігі халық қалаулысын қолдап, дауласа бастады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров