Төрт жылдықтың додасын Түркия мен Италия бастайды

Экспресс К

© Getty Images

Бүгін күллі футбол жанкүйерлері асыға күтіп отырған Еуропа чемпионаты басталады, деп хабарлайды ЭК. Чемпионаттың ашылуы Италия астанасы Римнің әйгілі "Олимпико" стадионында өтеді.

Ашылу құрметіне, алғашқы матчтың алдында голлландиялық DJ Мартин Гаррикс пен Ирландиялық U2 тобының музыканттары өнер көрсетеді деп күтілуде.

Биылғы додада кәрі құрлықтағы елдерден құралған 24 команда бақ сынайды. Олар, әрқайсысы 4 командадан алты топқа бөлінген.

Мәселен: "А" тобында — Түркия, Италия, Уэльс, Швейцария. "В" тобына — Ресей, Дания, Финляндия, Белгия. "С" — тобына, Нидерландия, Украйна, Австрия, Солтүстік Македония. "D" — тобына, Англия, Хорватия, Шотландия, Чехия құрамалары топтасса, "Е" — тобында Испания, Швеция, Польша, Словакия, және "F" — тобында Венгрия, Португалия, Франция, Германия елдерінің футболшылары ойнамақ.

Бұл чемпионат кесте бойынша өткен 2020 жылы өту керек еді. Алайда, әлемдік короновирустық пандемияға байланысты УЕФА шешімімен осы жылға ауыстырылды.

Бастапқы жоспар бойынша чемпионат еуропаның 12 қаласында өтуі керек болатын. Бірақ, Дублин мен Билбак қалалары бас тартуына байланысты 10 қаланың көгалдарында өтетін болып отыр. Сол себепті де, Санкт-Петербург пен Севилья стадиондарында алғашқы жоспардан тыс қосымша ойындар өтетін болды. Тағы бір айта кетерлік жаңалық, биылғы доп додасы Еуропаның бірінші (1960 жылы өткен) чемпионатының 60 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров