Еліміз ОПЕК + алдындағы мұнай өндіру міндеттемелерден ауытқып кетті

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Қазақстан мамыр айында ОПЕК+ келісімі бойынша міндеттемелерден аздап ауытқып, 7,3 млн тонна мұнай өндірді, деп хабарлайды ЭК.

Энергетика министрлігінің мәлімдеуінше, Республика келісім бойынша міндеттемелерді сақтауға уәде берді.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, мамыр айында бүкіл ел бойынша 7,3 млн тонна мұнай өндірілді. Ал, жалпы бір тәулікте 1,470 баррель мұнай өндіріледі. Қазақстан ОПЕК + келісімі бойынша міндеттемелерді сақтауды жоспарлап отыр,

делінген министрліктің хабарламасында.

Бұған дейін ОПЕК+ аясындағы Қазақстан үшін міндеттемелер мамыр айында тәулігіне 1,463 баррельді құрайды деп хабарланған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров