Биыл елдегі қылмыс 2,5%-ға азайды

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Қарақшылық шабуыл – 7%, тонау –22%, бұзақылық–26%-ға қысқарды, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халыққа берген есебінде айтты.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының нақты тапсырмасы бар. Әрбір мемлекеттік орган ашық болуы керек. 3 жылдан бері ішкі істер органдарына үлкен реформа жүріп жатыр. Жыл басынан бері елдегі қылмыс 2,5%-ға азайды. Қарақшылық шабуыл — 7%, тонау –22%, бұзақылық–26%-ға қысқарды", — деді министр.

Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы, қоғамдық орындар мен көшелерде және мас күйінде жасалатын қылмыстар төмендеп, қылмысты ашу көрсеткіші жақсарған.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен "жұртқа жақын полиция" жоспары іске асырылып жатыр. Тұрғын үй айналасында, саябақтарда және скверлерде жаяу патрульдің саны көбейтілді. Қалалардың аса криминогендік учаскелерінде заманауи полицияның модульдік бекеттері орнатылып жатыр", — деді ол.

Сондай-ақ, "полицияны шақырту" дабыл жүйесі орнатылған. Арызданып келген азамат, тікелей кезекші бөлімге хабарласа алады.

Тұрғымбаевтың мәлімдеуінше, модульдік бекеттер орнатылған аудандарда құқықбұзушылықтар саны қысқарған. Қазір өңірлерде осындай 57 бекет бар. Жылдың соңына дейін тағы 27 салынады. 5 жыл ішінде барлығы 167 бекет орнату жоспарда бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров