Ауылдарда учаскелік инспекторлар жетіспейді

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қазір бір учаскелік испектор 3-4 ауылға жауапты болып бекіген өңірлер бар, деп хабарлайды ЭК.

Мемлекет басшысы учаскелік инспекторлардың мәртебесін арттыру туралы тапсырма берді. Олардың жұмысын тиімді ету үшін құзыретін кеңейтіп, заңға өзгертулер енгізіп жатыр. Ішкі резерв есебінен учаскелік инспекторлар бөлімінің саны көбейіп келеді,

деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Осыған байланысты, ішкі резерв есебінен учаскелік инспектор көмекшісі лауазымын енгізу жоспарланып отыр. Жергілікті атқарушы органдамен бірге, учаскелік пункттер салынады.

Айтуынша, өз аумағына жақын болуы үшін ауылдық жерлерде — учаскелік пунктер тұратын үймен бірге салынады. Ал қалаларда тұрғын үй кешендерінде орналасады.

Коронавирустық пандемияға орай интернет саласындағы қылмыстар өсті. Қазір Ұлттық банкпен және екінші деңгейлі банктермен тығыз қарым-қатынас орнатып, азаматтардың жеке мүлкін қорғау үшін қадамдар жасап жатырмыз,

деді ол.

2018 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 3 жылға арналған Жол картасы бойынша:

— қызметкерлердің штаттық саны 13 жарым мыңға қысқарды;

— 106 басқару бөлімдері мен 1483 басшылық лауазымдар таратылды.

Бүгінде полицейлердің саны 100 мың тұрғынға шаққанда 471-ден 369-ға дейін азайды. Бұл еуропалық елдермен сәйкес келеді,

деп түйіндеді Тұрғымбаев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров