Мектептер мен ауруханаларда полицияны жедел шақыру тетіктері орнатылады

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Дабыл жедел әрекет ету орталығына немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне келіп түседі, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

Қазір мұндай жобалар Қарағанды, Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында жүзеге асырылуда. Біртіндеп барлық облыс орталықтары осындай жүйемен қамтамасыз етілетін болады,

деді министр.

Ішкі істер органында құқықбұзушылықтың алдын алу үшін бейнбақылау жүйесі кеңінен қолданылады.

Көше қиылыстарында, аулаларда, көшеде, ойын-сауық орталықтарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ел бойынша 417 мың бейне камера орнатылды. Оның 4 мыңға жуығын Полиция департаментінің жедел әрекет ету орталығы бақылайды,

дед ол.

Жыл басынан бері осындай камералар көмегімен 3,5 мыңға жуық қылмыс ашылып, миллионға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров