Ұлттық тестілеудің экс-басшысы қайда кетті?

Экспресс К

Facebook / Дидар Смағұлов

Естеріңізде болса ҚР БҒМ-не қарасты Ұлттық Тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов жақында лауазымды қызметінен босаған болатын.

ҰТО-ның экс-басшысының елімізде мектеп бітіруші түлектер арасындағы ҰБТ енді басталар шақта, аяқ асты жұмсақ креслосын тәрк етуі қоғамда біраз сұрақ-жауап қалдырған еді. Бүгін осы сұрақтарға Смағұлов өзінің Faceebook парақшасында жауап берді, деп хабарлайды ЭК

Орталықтың бұрынғы басшысы: "Достар, біріншіден, қастандық теориясын әшкере етуден бастаймын: мен қызметтен өз еркіммен кеттім және маған ешкім қысым жасаған жоқ. Оны жасау да оңайға соқпасы анық, өйткені мен осы лауазымыммен де, басқа да игіліктермен де ешкімге қарыздар емеспін!"-дей келе, "Мен ҰТО — ға нақты тапсырмаларды шешу үшін тағайындалдым. Өздеріңіз көріп отырғаныңыздай, оларды атқардым. Бірақ жұмсақ креслода отыра беру маған тән қасиет емес" деп тұжырымдайды. Әрі қарай өзінің алдағы жоспарларымен және бүгінгі күнде ҮЕҰ-да жоспарларын жүргізіп жатқанын баяндайды.

-Сонымен, құрылтайшылардың жалпы жиналысының хаттамасымен мен "Әділдік жолы" атты Республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры болып тағайындалдым.

Ұйымның негізгі мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекет ету-деп жазды экс-шенеунік өз парақшасында.

Бұл ұйымның алдағы уақытта үкімет қазынасынан бір тиын да алмастан әрекет ететінінінде тілге тиек етті.

Әрі мұны мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қаржыландырусыз жүзеге асыру: менің ұстанымым "Әділдік жолы" ҮЕҰ мемлекеттік бюджеттің бір тиынын алмай, әрі оның ешбір қаржыландыру түрін қолданбай қызмет етеді,

деп нақтылады ол.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров