Ерегесу өліммен аяқталды (видео)

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Жамбыл облысындағы жанжал өліммен аяқталды, — деп хабарлайды ЭК Polisia.KZ. сайтына сілтеме жасап.

2021 жылғы 9 маусымда сағат 21.20-да Меркі аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын қоңырау шалып, олардың фазендаларына бөгде адамдар басып кіріп, жанжал шығарғанын, онымен қоймай ағасына оқ атқанын айтып дабыл қағады. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов хабарлады.

Жергілікті үш ер адам фазендаға келіп, оның иесімен ерегеседі. Олар мұнымен қоймай қожалық иесін мылтықпен атып, дереу ізін жасыруға тырысады. Алайда жарақат алған ер адам көлігіне отыра салып, олардың соңынан қуады. Жол үстінде екі машина бір-біріне соқтығысады. Салдарынан қашқан көліктің жүргізушісі сол жерде көз жұмады.

Полицейлер дереу оқиға орнына жетіп, барлық қатысушыларды тұтқындайды. Мылтық фазенда иесіне тиесілі болып шықты.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар жасалуда. Істің мән-жайы анықталуда", — деді Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров