Ақтауда әйел адам үшінші қабаттан құлап, мерт болды

Экспресс К

© ЭК

Қайғылы оқиға бүгін шамамен түс мезгілінде 5-ші шағын ауданда болды. 36 жастағы әйел үшінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ЭК.

Куәгерлердің айтуынша, келіншек оқиға орнында қаза тапты.

Ақтау полиция бөлімінің 102 операторлық пультіне азаматшаның үшінші қабаттан құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Қазіргі уақытта оқиға орнында Ақтау полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр,

деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция басқармасынан.

Әзірге келіншектің қандай себеппен өлім құшқаны белгісіз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров