Әсел Айтпаеваның ісі: Екі елде тергеу жүріп жатыр

Экспресс К

Әсел Айтпаева / Айтбаевтар отбасынан алынған фото

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 26 жастағы Әсел Айтпаеваның Грузияда қаза болуы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ЭК.

Осы қылмыстық іс бойынша бізде бірқатар тергеу жұмыстары жүргізіліп, адам саудасы туралы іс қозғалды. Қазір негізгі айыпталушы ұсталды, қамауға алынды, тергеуде отыр, бірнеше тергеу амалдары жүргізілуде,

деді Тұрғымбаев.

Сонымен бірге, министр Грузияда өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша қатар тергеу жүріп жатқанын жеткізді.

Біз Грузия полициясымен тығыз байланыста жұмыс істеудеміз. Мен мұнда тергеу материалдары тергеу әрекеттері аяқталғанша жария етілмейтінін айтқым келеді. Тергеу әріптестерімізбен тығыз байланыста жалғасуда,

деді Ерлан Тұрғымбаев.

Еске сала кетейік, 26 жастағы Әсел Айтпаеваның денесі 5 мамыр күні Тбилиси қаласындағы бір үйдің терезесінің астынан табылған еді. Ол 9-қабаттан құлап мерт болған. Кейіннен Грузия прокуратурасы қазақстандық қызды зорлау және өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу ісі бойынша айыптау шығарды. 16 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінен мәлім еткендей, бойжеткеннің ата-анасының арызы бойынша оның туысы М.Мейірбеков ұсталып, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 128-бабымен (адам саудасы) сотқа дейінгі тергеу бастаған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров