Триатлоннан біраз ыңғайсыздықтар туғалы тұр

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Алматыда ертең және арғы күні (12-13 маусым) көшелердің біразы жабылады, деп хабарлайды ЭК.

Кала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл триатлоннан Қазақстан чемпионатының өткізілуіне байланысты болып отыр. Яғни алдағы күндері велоэтап жүріп өтетін жолдар жабылады.

Автокөлік жүргізушілері 12 маусымда сағат 7:00-ден 16:00-ге дейін Төле бидің бойымен (оңтүстік жағы) Тілендиев көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейін өте алмайды. Солтүстік жағымен қозғалуға болады.

Өтеген батырдың бойында Төлеби көшесінен Қуанышбаевқа дейін жолдың екі жағы да тура сол уақыт аралығында жабық тұрады.

13 маусымда сағат 8:00-ден 12:00-ге дейін Төле бидің бойы (оңтүстік жағы) Тілендиевтен бастап Өтеген батырға дейін жабылады. Автокөліктер солтүстік жағымен өте алады.

Өтеген батыр көшесінің бойында Төле биден Қуанышбаевқа дейін тура сол уақыт аралығында автокөлік қозғалысы тоқтайды. Жол екі жағынан да жабылады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров